"Болашақ" қозғалысының өкілдері студенттік жатақханаларда тұру ақысын қымбаттатудың заңдылығын анықтамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болашақ" қозғалысының өкілдері студенттік жатақханаларда тұру ақысын қымбаттатудың заңдылығын анықтамақшы

"Болашақ" қозғалысының өкілдері студенттік жатақханаларда тұру ақысын қымбаттатудың заңдылығын анықтамақшы

"Болашақ" республикалық қозғалысының өкілдері студенттік жатақханаларда тұру ақысын қымбаттату себептері мен заңдылығын анықтамақшы. Бұл туралы бүгін, 18-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Болашақ" республикалық қозғалысының жастар қанатының жетекшісі Дәурен Бабамұратов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2005
  • 557
Фото - Caravan.kz

Д.Бабамұратовтың айтуынша, қозғалыстың ұйымдастыру комитетіне жатақханаларда тұру ақысын қымбаттату себептері мен заңдылығын анықтау туралы бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері өтініш білдірген.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, алдағы оқу жылының 10 айына жатақханадағы бір бөлмені жалдау ақысы 2600 теңгеден 18 мың теңгеге бірақ көтеріліп 8 есе өскен. Мемлекет жуырда ғана шәкіртақының көлемін 50 процентке көтергені белгілі. Өкінішке орай ол жатақхана төлеміне мүлдем жетпейді.
Қозғалыстың ұйымдастыру комитеті бұл мәселеге қатысты ҚР білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарына жолдайтын хат дайындап отыр.

Перейти к новостям спорта