Теңіздегі "Батыс" шекаралық дивизиясы "Тараз" деп аталатын жаңа кемеге ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңіздегі "Батыс" шекаралық дивизиясы "Тараз" деп аталатын жаңа кемеге ие болды

Теңіздегі "Батыс" шекаралық дивизиясы "Тараз" деп аталатын жаңа кемеге ие болды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Батыс" аймақтық басқармасының теңіздегі шекаралық дивизиясы "Тараз" деп аталатын жаңа шекаралық күзет кемесіне ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Батыс" аймақтық басқармасының теңіздегі шекаралық дивизиясының командирі, бірінші ранглы капитан Кенже Әбікеев хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

К.Әбікеевтің айтуынша, «Тараз» кемесі ҚР ҰҚК Шекара қызметін жабдықтау бағдарламасының аясында «Оралдағы Зенит зауыты» ААҚ-ында жасалған. Кеме пулеметтермен, навигациялық жер серігі жүйесімен және қозғалтқышты басқарудың жетілдірілген жүйесімен жабдықталған. Кемеде 15 адам вахталық тәсілмен жұмыс істейтін болады. «Бұл тек теңіз жағалауындағы күзет шарасына ғана емес, сонымен бірге Каспий қайраңының акваториясын жаппай күзетуге арналған күрделі кеме»,- деді капитан. Қазіргі таңда теңіздегі дивизияның осындай 6 кемесі бар.

Перейти к новостям спорта