А.Керімбековтың айтуынша, бұл — полиэфирден жасалған әйнекпластикалық құбырлар мен изоляциялы құбырлар өндіретін, сондай-ақ, Италия технологиясына сәйкес ағаш бұйымдар мен Француз технологиясы бойынша қабырға материалдарын өндіретін зауыттар болмақ.
«4 зауыт та құрылыс материалдарының кластерін құру жөніндегі жоспар аясында іске қосылады»,- деді А.Керімбеков.
Сонымен бірге оның хабарлауынша, былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері Астанада жаңадан 10 зауыт ашылды.
Қазіргі жағдаймен Астанада құрылыс индустриясы саласында 160 кәсіпорын жұмыс істейді. Онда барлығы 15 мың адам , немесе, жалпы жұмысқа қамтылғандардың 12,3 проценті еңбек етеді. Астанада қазір 530 нысан салынып жатыр.