Алматыда сенат депутаттарының сайлауы барысында қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сенат депутаттарының сайлауы барысында қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңді

Алматыда сенат депутаттарының сайлауы барысында қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңді

Бүгін, 19-тамызда Алматы қаласында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz

Сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, А.Бижанов 34 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ оқытушысы Маран Тақабаев 1 сайлаушының дауысын жинады.
Сайлауға қатысқан үшінші үміткер- «Алматыэкологострой» КК бас директоры Әбдіғани Атымтаев үшін бірде-бір сайлаушы дауыс берген жоқ.
Жалпы алғанда Алматы қалалық мәслихатында 36 депутат бар.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.