Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Е.Аман 254 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, республикалық «Отан» партиясының мүшесі Андрей Сенчев 33 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Қостанай облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 300 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 289 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 2 бюллетень жарамсыз деп танылды.