Алматы облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов жеңді (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов жеңді (толықтырылған нұсқа)

Алматы облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов жеңді (толықтырылған нұсқа)

Бүгін, 19-тамызда Алматы облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, "Отан" партиясының мүшесі, қазіргі сенат депутаты Нүсіпжан Нұрманбетов жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 662
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Н.Нұрманбетов 252 (83,4%) сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, «Айирмир» ЖШС заңгері Қанат Сүлейменов 50 сайлаушының (16,6%) дауысын жинады.
Жалпы алғанда Алматы облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 330 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 313 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 8 бюллетень жарамсыз деп танылды, ал 3 бюллетеньді депутаттар жәшікке салмаған.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында Алматы облысында заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.

Перейти к новостям спорта