Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қ.Айтаханов 163 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуроры Жарқынбек Оспанов 131 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 306 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 295 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.