Павлодар облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыс әкімінің орынбасары Жақай Нұрғалиев жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар   облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыс әкімінің орынбасары Жақай Нұрғалиев жеңді

Павлодар облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыс әкімінің орынбасары Жақай Нұрғалиев жеңді

Бүгін, 19-тамызда Павлодар облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, облыс әкімінің орынбасары Жақай Нұрғалиев жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 403
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ж.Нұрғалиев 110 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, қазіргі сенат депутаты Сағындық Есімханов 86 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Павлодар облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 205 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 200 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 4 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Перейти к новостям спорта