Солтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан  облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев жеңді

Солтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев жеңді

Бүгін, 19-тамызда Солтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 386
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Т.Симамбаев 179 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, «Отан» партиясының мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті төрағасының орынбасары Таңсықбай Құсемісов 34 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 216 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 124 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Перейти к новостям спорта