Мектептерді техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерді техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді

Мектептерді техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді

2005-2006-оқу жылында мектептерді мультимедиялық технологиялармен жабдықтауға республикалық бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін, 19-тамызда білім беру саласы қызметкерлерінің бас қосуында ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Тамыз 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz

Б.Әйтімованың хабарлауынша, бөлінген қаржының 400 млн. теңгесі коллеждерді техникамен жабдықтауға жұмсалады. ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде 7-11 сынып оқушыларының 12 проценті компьютерді меңгермеген, мұғалімдердің 60 проценті өз жұмысында компьютерді пайдаланбайды, еліміз оқушыларының 22 проценті өмірінде компьютер пайдаланып көрмеген.

«Біз мекеме бюджетін тағы 38 процентке арттыруды көздеп отырмыз. Алайда шешімді парламент қабылдайды»,- деді ҚР білім және ғылым министрі.
Б.Әйтімованың хабарлауынша, 2005-2010-жылдарға арналған білім беру бағдарламасы аясында елімізде 45 мектеп ашылады. Олардың 15-і республикалық, 30-ы жергілікті бюджеттен қаржыланады. 2010-жылға дейін елімізде 164 балабақша ашылады.

Перейти к новостям спорта