Шығыс Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс   Қазақстан  облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин  жеңді

Шығыс Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин жеңді

Бүгін, 19-тамызда Шығыс Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Т.Абайділдин 265 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, «Асар» партиясының мүшесі Алдияр Әубәкіров 31 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 318 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 308 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 12 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Перейти к новостям спорта