Астана қалалық білім беру департаментінің директоры Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, 12 жылдық бағдарлама бойынша білім алатын балалармен жұмыс істеу үшін Елордасындағы мектептердің 600 ұстазы мамандықтарын шыңдады.
«Жалпы алғанда қалалық білім беру жүйесінде 136 білім беру мекемесі мен 5779 ұстаз жұмыс істейді»,- деді Ә.Рахымжанов.
Сонымен бірге биылғы жылы Астанада 3 мектеп пайдалануға берілді. 1-қыркүйекте қаланың тағы бір шалғай ауданында 1200 балаға есептелген жаңа мектеп ашылады. Жаңа мектеп қабырғасында дарынды балаларға арналған «Зерде» атты физика-математикалық мектеп жұмыс істемек.