Қор түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қор 773 млн. теңгенің ипотекалық несиелері бойынша кепілдік міндеттемелер берді. Сонымен бірге ол екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялардың өз бағдарламасына сәйкес таратқан 1,3 млрд. теңгенің ипотекалық несиелеріне кепілдік берді.
Республика үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік қоры» АҚ несие алушылардың таза шығындарына 100 проценттік кепілдік беруге бағытталған жаңа өнім шығарды. Ол әлеуметтік қорғаудағы азаматтардың ипотекалық несие алу шарттарын жеңілдетуге және мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несие беру көрсеткіштерін төмендеруге мүмкіндік береді.
Қазір Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік қорымен бірге тұрғын үй несиелендіру жүйесіне «БТА Ипотека» АҚ, «Темірбанк»АҚ, «Цеснабанк»АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «АТФ Банк»АҚ , «Валют Транзит Банк» АҚ белсене атсалысуда.