Шымкентте жасөспірімді өлтірген күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жасөспірімді өлтірген күдіктілер ұсталды

Шымкентте жасөспірімді өлтірген күдіктілер ұсталды

Шымкентте жасөспірімді өлтірген күдіктілер ретінде 4 адам ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

  • 22 Тамыз 2005
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір апта бұрын ақша айырбастау бөлімінде жұмыс істеп, Шымкентегі гимназияда оқитын бір жасөспірімді біреулер самайынан атып кеткен болатын.

С.Қаракөзованың айтуынша, бұл қылмысқа қатысы бар күдіктілер ретінде 20-24 жас аралығындағы 4 Шымкент тұрғыны ұсталып, істеген қылмыстарын мойындады. Олардан қылмыс орнынан табылған ұялы телефон, газды тапанша, қылмыс құралы- 9 мм-лік қолдан жасалған тапанша тәркіленді.
Ұсталғандар түгелдей уақытша тергеу қапасына қамалды.
Тәртіп сақшылары қылмыскерлер туралы ақпаратты әлдебіреу сенім телефонымен хабарлады деп отыр.

Перейти к новостям спорта