Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін қарауды аяқтады - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін қарауды аяқтады - толықтырылған нұсқа

Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін қарауды аяқтады - толықтырылған нұсқа

Конституциялық кеңес президенттің қол қоюына жолданған "Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жөніндегі заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін қарауды аяқтап, оларға қатысты шешім қабылдау үшін кеңес бөлмесіне кетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Тамыз 2005
  • 695
Фото - Caravan.kz

Конституциялық кеңестің шешімін жария ететін уақыты мен мерзімі туралы қосымша хабарлама жасалады,- деді кеңес төрағасы Игорь Рогов.

Конституциялық кеңестің ашық отырысында парламентте қабылданып, президенттің қол қоюына жолданған «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заңдарға қатысты үкімет, Бас прокуратура, ҚР СІМ, омбудсмен және парламент депутаттарының қорытындылары қаралды.
Атап айтсақ, ҚР әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов бұл заңдарды үкімет қолдайтынын және олар ҚР Конституциясына сәйкес деп санайтынын мәлімдеді. «Жаппай мойындалған халықаралық тәжірибеге сәйкес шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметі сол ұйым жұмыс істейтін елдің ішкі заңдарымен реттеледі. Ал Қазақстанның қазіргі қолданыстағы заңдарында мұндай ережелер жоқ»,- деді Д.Құсдәулетов.
Вице-министрдің айтуынша, «елімізде қазір жұмыс істеп жатқан халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың бір бөлігі саяси және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейтін бірлестіктер болып табылады». Д.Құсдәулетовтың айтуынша, бұл ұйымдар «қоғам өмірінің түрлі салаларында адамдардың саяси көзқарастары мен мемлекет саясатына әсер ете алады». «Олардың кейбіреуінің мақсат-мүддесі немесе іс-әрекеттері конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, мемлекеттің біртұтастығын бұзуға немесе ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды»,- деді Д.Құсдәулетов. Осыған байланысты үкіметтегілер аталмыш заңдарды қабылдау Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметін реттеуге және отандық заңнаманы қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруге мүмкіндік береді деп санайды.
Ал ҚР СІМ-нің қорытындысын ортаға салған министрдің орынбасары Вадим Зверьков сыртқы саясат мекемесінде аталмыш заңдарға қатысты ескертулер туындағанын , алайда, талқылау барысында ол сауалдардың алып тасталғанын хабарлады. В.Зверьковтың айтуынша, «қазіргі таңда бұл заңдар Қазақстан үшін өзекті және барлық халықаралық нормаларға сәйкес».
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамовтың пікірінше, «заңдар конституцияға сәйкеседі, алайда, құқықтық тәжірибеде қолданылу барысында өзгертуді талап етуі мүмкін».
Бас прокуратураның қорытындысына сәйкес, «бұл заңдар Конституцияға негізделген және оның басты қағидаларына қайшы келмейді». «Заңдардағы барлық шектеулер ҚР Ата заңының 29-бабының 1 және 3-тармақтарының аясынан шықпайды. Онда адамның құқығы мен бостандығын тек заңмен ғана шектеуге және онда да конституциялық құрылымды қорғау мақсатымен ғана шектеуге мұрсат берілген». «Заң шығарушы мұндай шектеулер қоюға құқылы және олар Конституцияға толыққанды сәйкеседі»,- деді ол.
Конституциялық кеңеске сонымен бірге конституциялық құқық саласындағы бірқатар сарапшылардың және бейресми ұйымдардың қорытындысы келіп түсті. Конституциялық кеңестің мүшесі Николай Белоруковтың хабарлауынша, «заңдардың Конституцияға сәйкесетінен атап өткен сарапшы-ғалымдар тек тұжырымдардың нақты еместігіне назар аударады. Ал бұл өз кезегінде конституциялық тәртіптердің бұзылуына алып келеді». Н.Белоруковтың айтуынша, бейресми ұйымдардан келтірілген қорытындыда заңдардың Ата заңға сәйкес емес екені айтылған. «Алайда, бейресми ұйымдар өз қорытындысында аталмыш заңдардың құқықтық тәжірибеде қолданылуына қатысты алаңдаушылық білдірген»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш заңдардың ҚР конституциясына сәйкестігін анықтау туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске сауал жолдаған болатын.

Перейти к новостям спорта