Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысын қамауға алу туралы шешімді өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысын қамауға алу туралы шешімді өзгертті

Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысын қамауға алу туралы шешімді өзгертті

Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысы Николай Танаевты қамауға алу туралы шешімді өзгертіп, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.

  • 23 Тамыз 2005
  • 362
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы Николай Танаев жексенбі күні Бішкекке келген. Дүйсенбі күні республика бас прокуратурасының қызметкерлері одан жауап алды. Қырғызстан Республикасының бас прокураоры Әзімбек Бекназаровтың хабарлауынша, бұрынғы үкімет басшысы өз бетімен бас прокуратураға келіп, органдармен ынтымақтастыққа келісім беруге байланысты оны қамаға алу туралы шешім өзгертілген.

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, бұрынғы үкімет басшысы үшін парламенттің кейбір депутаттары кепілдеме берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың маусым айының басында Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысын қамауға алуға санкция берген. Бас прокуратура Н.Танаевтың үстінен қызмет бабын асыра пайдалану және бюджет қаржысын заңсыз жұмсау жөніндегі баптар бойынша 3 қылмыстық іс қозғаған.

Перейти к новостям спорта