Шығыс Қазақстан облысында жер асты дүмпулері сезілді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жер асты дүмпулері сезілді

Шығыс Қазақстан облысында жер асты дүмпулері сезілді

Шығыс Қазақстан облысында жер асты дүмпулері сезілді. Бұл 22- тамызда 14 сағат 31 минутта Ресей аумағында болған жер сілкінісінің жаңғырығы көрінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 356
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1080 шақырымда Ресей аумағында тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендіктің 49 градус 22 минуты, шығыс бойлықтың 87 градус 36 минутында болды.

Өскеменде 2 балл, Зыряновск қаласында 2-3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.