Алматы облыстық тәртіп сақшылары екі шетел азаматынан 3 килограммнан астам героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық тәртіп сақшылары екі шетел азаматынан 3 килограммнан астам героин тәркіледі

Алматы облыстық тәртіп сақшылары екі шетел азаматынан 3 килограммнан астам героин тәркіледі

19-22-тамыз аралығында Алматы облыстық тәртіп сақшылары екі шетел азаматынан 3 килограммнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 23-тамызда Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 365
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Жамбыл облысында Алматы-Бішкек тас жолының 59-шақырымында «Рубеж-Ростов» бекетінде Алматы облыстық ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері кеденшілермен бірлескен тексеру кезінде «Мерседес» автобусында келе жатқан Қырғызстан азаматшасының заттарын тінту барысында 1, 44 килограмм героин тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге Алматы облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Ащыбұлақ ауылында «Тойота Карина» автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жолаушыдан 2 килограмм героин тәркіленді. Қамауға алынған Тәжікстан азаматы уақытша тергеу қапасына тоғытылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта