2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы 113,8 млрд. теңге көлемінде болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы 113,8 млрд. теңге көлемінде болжануда

2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы 113,8 млрд. теңге көлемінде болжануда

2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ. Бұл туралы бүгін, 23-тамызда үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Тамыз 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жыл көрсеткішінен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірістерінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.

2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.

Перейти к новостям спорта