Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне байланысты шешімді бүгін жария етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне байланысты  шешімді бүгін жария етеді

Конституциялық кеңес коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне байланысты шешімді бүгін жария етеді

Бүгін, 23-тамызда ҚР Конституциялық кеңесі коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне байланысты шешімді жария етеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Конституциялық кеңестен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, президенттің қол қоюына жолданған «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін қарауды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен сұраған болатын. Шетелдік және халықаралық бейресми коммерциялық ұйымдардың Қазақстан аумағындағы іс-қызметіне мемлекет тарапынан қойылатын бақылауды күшейту қарастырылған бұл құжаттарды қабылдауға бейресми ұйымдар қарсылық білдіруде.

22-тамызда заңдарға қатысты үкімет, Бас прокуратура, ҚР СІМ, омбудсмен және парламент депутаттарының қорытындыларын қараған Конституциялық кеңес шешім қабылдау үшін кеңес бөлмесіне кеткен.

Перейти к новостям спорта