2004 жылы шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мөлшері 0,3%-ке азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004 жылы шаруа  қожалықтарының  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мөлшері   0,3%-ке азайды

2004 жылы шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мөлшері 0,3%-ке азайды

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі 2004 жылы шаруа (фермер) қожалықтарында 178 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғыға қарағанда 0,3% аз, олардың үлесіне өсімдік шаруашылығының жалпы өнімдерінің 41,0% және мал шаруашылығының жалпы өнімдерінің 5,8% келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 524
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің төмендеуі, негізінен, дәнді дақылдар өндіру көлемін 18%-ке, темекі өндіру көлемін — 7%-ке, күнбағыс тұқымын өндіру көлемін — 9%-ке азайту есебінен болды.

2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шаруа (фермер) қожалықтарына 34,2 млн. гектар ауыл шаруашылығындағы пайдалы жер (республиканың ауыл шаруашылығындағы пайдалы жерлердің барлығының 44%), соның ішінде 8,8 млн. гектар (40%) егістік жер тұрақты пайдалануға және жалға берілді.

Перейти к новостям спорта