Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылды

Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылды

Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Тамыз 2005
  • 355
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, Жәнібек ауданы Таловка ауылының бес тұрғыны ауылдық ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратынан 23-тамызда келіп түскен. 24-тамызға қараған түні науқастар аудандық ауруханаға жеткізіліп, оқшауланды.

Ауылда сондай-ақ бес ірі қара малдың өлу оқиғасы тіркелді.
Қазіргі жағдаймен төтенше оқиға орнына обаға қарсы күрес станциясы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының өкілдері жіберілді. Ауру шыққан және науқастар жатқан жерді Батыс Қазақстан облыстық полициясы күзетке алды.

Перейти к новостям спорта