Байқоңырдан "Днепр" зымыран тасығышы Жапонияның екі жер серігін алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Днепр" зымыран тасығышы  Жапонияның екі жер серігін алып ұшты

Байқоңырдан "Днепр" зымыран тасығышы Жапонияның екі жер серігін алып ұшты

Бүгін, 24-тамыз күні түнде Байқоңырдан "Днепр" зымыран тасығышы Жапонияның JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің OICETS және INDEX деп аталатын эксперименттік екі жер серігін алып ұшты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2005
  • 337
Фото - Caravan.kz

Ұшырылым Астана уақытымен 3 сағат 10 минутта жүзеге асырылды.

OICETS және INDEX ғарыштық аппараттары Жапонияның ұлттық ғарыш агенттігінің ғылыми-зерттеу сынақтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл — «Днепр» бағдарламасы бойынша ұшырылған 5-ші зымыран тасығыш. Дүниежүзіндегі ең қуатты құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымырандарының негізінде «Днепр» ғарыштық зымыран кешенін жасап пайдалануға бағытталған бұл бағдарлама әлемдегі ең ірі конверсиялық бағдарламаға жатады.
«Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.

Перейти к новостям спорта