Жамбыл облысында өрт жиналған пішенді жалмап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында өрт жиналған пішенді жалмап кетті

Жамбыл облысында өрт жиналған пішенді жалмап кетті

Жамбыл облысында шыққан өрт салмағы 120 тоннадай, жиналып престелген 6 мың дана шөп бумасын, сондай-ақ, 360 гектар алқапта шабылмай қалған шөп қалдықтарын жалмап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Тамыз 2005
  • 384
Фото - Caravan.kz

Өрт Талас ауданындағы «Жұлдыз» шаруа қожалығында 23-тамыз күні 14 сағат 50 минутта шыққан. Оны сөндіруге 24 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 20 сағатта ауыздықталды.

Министрлік ақпаратына сәйкес зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі қазір нақтыланып жатыр.