Прокуратура Қазпоштаның Батыс Қазақстан облысындағы филиалы қызметкерлерінің құқығын бұзу деректерінің бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Қазпоштаның Батыс Қазақстан облысындағы филиалы қызметкерлерінің құқығын бұзу деректерінің бетін ашты

Прокуратура Қазпоштаның Батыс Қазақстан облысындағы филиалы қызметкерлерінің құқығын бұзу деректерінің бетін ашты

Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ- ның филиалы қызметкерлерінің құқығын бұзуға қатысты көптеген деректердің беті ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық прокуроры Азамат Нұрболатов хабарлады.

  • 24 Тамыз 2005
  • 351
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Шыңғырлау аудандық пошта байланысы басқармасының пошташылары бірнеше жылдан бері мемлекет белгілеген ең төменгі көрсеткішке сай келмейтін мардымсыз жалақы алып келген. Атап айтсақ, бұл кәсіпорында істейтін пошташының айлық жалақысы 1800 теңгені құрайды. Ал республика көлемінде үкімет белгілеген ең төменгі жалақы мөлшері 9200 теңге екені мәлім.

Тексеру барысында аталмыш аудандағы 14 пошташының осындай төмен жалақы алып келгені анықталды. Шыңғырлау аудандық пошта байланысы басқармасының басшылығы берген түсініктемеге сәйкес, мұндай жалақы бас кеңсесі Алматыда орналасқан «Қазпошта» АҚ- ның басқармасы бекіткен штат кестесі бойынша есептеліп келген.
Шыңғырлау аудандық прокуратурасы «Қазпошта» АҚ- ның облыстық филиалының директорына заңды белден басу көрінісін арылтуға нұсқау берді.

Перейти к новостям спорта