АҚШ Қазақстанды халықаралық сахнадағы сенімді әріптесі деп санайды, ал Қазақстан лаңкестікпен күрес саласында өз міндеттемесіне адал екенін мәлімдейді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ  Қазақстанды халықаралық сахнадағы сенімді әріптесі деп санайды, ал Қазақстан лаңкестікпен күрес саласында өз міндеттемесіне адал екенін мәлімдейді

АҚШ Қазақстанды халықаралық сахнадағы сенімді әріптесі деп санайды, ал Қазақстан лаңкестікпен күрес саласында өз міндеттемесіне адал екенін мәлімдейді

АҚШ Қазақстанды халықаралық сахнадағы сенімді әріптесі және лаңкестік пен экстремизмге қарсы бағытталған ғаламдық күресте сенімді одақтасы деп санайды. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуде мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 24 Тамыз 2005
  • 591
Фото - Caravan.kz

Кездесуде әскери-саяси саладағы Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын одан әрі дамыту мен тараптардың аймақтық шиеленістерді реттеу саласындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды. Орталық Азия және Каспий өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қатысты тиянақты пікір алмасылды.

АҚШ қорғаныс министрі екі мемлекеттің мүддесі мен стратегиялық әріптестік мақсаттарына сай келетін екі жақты ынтымақтастық нәтижелеріне қанағаттанатынан хабарлады.
Пентагон басшысы Ауғанстан мен Ирактағы антитеррорлық коалиция күштеріне қолдау көрсеткені үшін елімізге ризашылық білдіріп, Қазақстанның инженерлік-саперлік отрядының роліне айрықша маңыз берді.
Қ.Тоқаев халықаралық қоғамдастық тарапынан Ирак пен Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруда ауызбірлік таныту қажеттігі жөнінде пікір білдіріп, Қазақстанның лаңкестікпен күрес саласында өз міндеттемесіне адал екенін атап өтті.
Орталық Азия аймағыдағы ахуалды талқылау барысында Пентагон басшысы Қазақстанның бұл өңірдегі жетекші ролін ерекше атады. «Орталық Азия аймағындағы ең қарқынды және экономикасы жоғары деңгейде дамыған ел ретінде Қазақстан аймақта тұрақтылық пен қауісіздікті қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады»,- деді ол.
Тараптар халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару мен тиісті технологияларды тарату процессінің бақылаудан шығып бара жатқаны мен лаңкестік ұйымдардың белсенділігінің арта түсуі — қазіргі ғаламдық қауіпсіздікке төнген басты қатер екені төңірегінде ортаық пікірге тоқайласты.
ҚР СІМ «ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен АҚШ қорғаныс министрлігі аасындағы халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару жасайтын инфрақұрылымды жобға қатысты келісімге енгізілген түзетуді» табыс етті.
Қ.Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен өзара ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуді, соның ішінде дербес әріптестік іс-шаралары жоспарының желісі бойынша ынтымақтастықты нығайтуды қолдайтынын хабарлады.

Перейти к новостям спорта