Астанада 3 жасар қызды өлтірген күдікті ретінде бір жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 3 жасар қызды өлтірген күдікті ретінде бір жасөспірім ұсталды

Астанада 3 жасар қызды өлтірген күдікті ретінде бір жасөспірім ұсталды

Астанада 3 жасар қызды зорлап өлтірген күдікті ретінде 16 жастағы бозбала ұсталды. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық полициясы басқармасының бастығы Андрей Чепурной мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz

А.Чепурнойдың айтуынша, ұсталған 9-сынып оқушысы аталмыш қылмысты мойындады.

20-тамыз күні Астана қалалық ішкі істер департаменті Алматы бөліміне бір жұп балаларының жоғалғанын хабарлаған. 21-тамыз күні таңертең қыздың мәйіті бір жеке меншік үйдің бақшасынан буындыру және зорлық белгілерімен табылған. Сол маңдағы үйлерді жаппай аралып шыққан тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні қолға түсірді. Ол жәбірленуші қыздың үйімен көршілес үйде тұрған.
Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. А.Чепурнойдың айтуынша, тергеу барысында бірқатар сараптамалар, соның ішінде сот-психиатриялық сараптама да жүргізіледі.

Перейти к новостям спорта