Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге кешікпей қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге кешікпей қол қояды

Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге кешікпей қол қояды

Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге жуық арада қол қояды. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Исекешев Сирия Араб республикасының экономика және сауда министрі Амер Лютфимен арадағы екі жақты келіссөздерден кейін мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2005
  • 1004
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық компаниялар Сирия нарығына үлкен қызығушылық білдіруде. Сол себепті екі үкімет жаңа сауда-экономикалық келісімге қол қоюы тиіс. Ал 1992-жылы қол қойылған келісім бұрынғы маңызынан айрылды»,- деді Ә.Исекешев.

Өз кезегінде Сирия Араб республикасының экономика және сауда министрі Амер Лютфи Қазақстан жағына тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынды.
«Қазақстан үшін Сирия арабия нарығына алтын көпір бола алады. Біз басқа да 17 араб мемлекетімен бірге арнаулы экономикалық аймаққа жатамыз. Бұл елдер үшін салық жеңілдіктерінің жүйесі жұмыс істейді. Біздің ел арқылы Қазақстан өз өнімдерін осы елдерге шығара алады»,- деді А.Лютфи.
ҚР индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, 2005-жылдың алғашқы жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млн. доллардан асты. Қазақтанда Сириялық компаниялардың қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын құрылған.

Перейти к новостям спорта