Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді. Олардың мәйіті осыдан бірнеше күн бұрын "Өжет" ауылында табылған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Тамыз 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларыының мәліметіне сәйкес, Ұлы отан соғысыынң ардагері, 78 -жастағы қарт пен оның 1-топтағы мүгедек жұбайының өлі денесі өз үйлерінен табылған. Екеуін де қаныпезерлер бауыздап өлтірген екен.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде қылмысқа күдікті 23-25 жас аралығындағы 5 жігіт ұсталды. Олар алғашқы тергеуде қылмыстарын мойындады. Олардың айтуынша, зейнеткерледің үйіне олар еркін кірген. Қариялардан бстапқыда ақша, артынан ішімдік талап етеді. Бұл талаптары орындалмаған соң зейнеткерлерді пышақтап өлтірген. Тергеу барысында қылмыскерлердің үйден небәрі 400 теңге тапқаны анықталды. Ұсталғандардың бәрі де бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар.

Перейти к новостям спорта