Халықаралық әуе желілерін көшіруден Алматы зардап шекпейді - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық әуе желілерін көшіруден Алматы зардап шекпейді - Н.Назарбаев

Халықаралық әуе желілерін көшіруден Алматы зардап шекпейді - Н.Назарбаев

Халықаралық әуе желілерін көшіруден Алматы зардап шекпейді. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда тікелей эфирде телекөрермендер сауалына жауап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселеден Алматылықтар зардап шекпейді»,- деп атап өткен президент «өмірдің өзі республика орталығы -Астана қаласына ден қоюға мәжбүр ететіні хақ»,- деді.

Елбасының айтуынша, «рейстердің бәрін бірдей Асанаға көшіру мүмкін емес». «Тәуелсіздік жылдарында шетелдік компаниялар Алматыға ұшуды әдетке айналдырды. Бұл біріншіден жолаушылардың көптігіне және пайдалы бағыттардың бар екеніне байланысты. Бірақ қазір Елдің бас қаласы Елордасы -Астана. Мұнда қазіргі заманғы ұшып-қону алаңы мен заманауи терминал салынды. Сондықтан ұлттық тасымалдаушы, ТМД аясындағы таңдаулы компания «Эйр Астананың» мақсат-мұратын да түсінуге болады және бұл қалыпты жағдай»,- деді президент.
Қазіргі таңда , Н.Назарбаевтың айтуынша, Атырау әуежайының құрылысы аяқталды, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент әуежайлары жаңалануда. «Қазақстанға деген қызығушылық жоғары. Келушілер ағыны арта түсуде. Сол себепті тепе-теңдік ескеріледі»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта