Қазақстан президенті үкіметті отставкаға жіберуге себеп жоқ деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті үкіметті отставкаға  жіберуге себеп жоқ деп санайды

Қазақстан президенті үкіметті отставкаға жіберуге себеп жоқ деп санайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберуге себеп жоқ деп санайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 24-тамызда тікелей эфирде телекөрермендер сауалына жауап беру барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Дәл қазіргі таңда үкіметті отставкаға жіберіп, жаңасын жасақтауға салмақты себеп жоқ деп санаймын»,- деді Н.Назарбаев. Дегенмен, мемлекет басшысының пайымдауынша, «өмірдің аты өмір, сол себепті ол жаңаша сапалы мамандарды талап етуі мүмкін». «Үкіметтің мүшелері алмастырылуы мүмкін. Әйтсе де, дәл қазір үкіметті толық құрамымен отставкаға жіберудің қажеті жоқ»,- деді президент.

Елбасы қазіргі үкіметтің бірқатар маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру саласында табысты еңбектеніп жатқанын, «экономика үлкен қарқынмен өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсара түскенін» ерекше атады.

Перейти к новостям спорта