Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-тамызда 11 сағат 40 минутта облыстың Лебяжы ауданында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының Бесқарағай филиалына қарасты Көкжар орман шаруашығында өрт шыққан. Тұтанған өртті сөндіру шарасы 10 минуттан кейін басталды.
Бір тәуліктен кейін өрт шоғырландырылып, келесі тәулікте толық сөндірілді. Жалпы алғанда тілсіз жау 1100 гектар алқапты, соның ішінде 700 гектар орманды алқапты шарпыды.
Өртті сөндіруге 128 адам мен 38 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің 32 адамы мен 19 техникасы жұмылдырылды.