Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы елдегі демократиялық құбылыстарға оң әсерін тигізеді - Ақ үй - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы елдегі демократиялық құбылыстарға оң әсерін тигізеді - Ақ үй

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы елдегі демократиялық құбылыстарға оң әсерін тигізеді - Ақ үй

Қазақстан Республикасының 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы елдегі демократиялық құбылыстарға оң әсерін тигізеді. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Эллиот Абрамс Вашингтон қаласында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесу барысында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 388
Фото - Caravan.kz

Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі еліміздің демократиялық қоғам құру ісіндегі жетістіктерін атап өтті. Бұлар екі жақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді дей отырып ол Қазақстан сыртқы істер министрін Жорж Буштың әкімшілігі еліміздегі саяси өзгерістерді бұдан былай да қолдай береді деп сендірді.

Тараптар Қазақстандағы саяси процестің қазіргі ахуалы мен келешегі төңірегінде пікір алмасып, екі елдің халықаралық сахнадағы ықпалдастығына қатысты көкейкесті мәселелерді талқылады.
АҚШ-пен стратегиялық әріптестіктің Қазақстан үшін маңызына тоқталған Қ.Тоқаев республиканың демократиялық реформалар бағытынан ауытқымайтынын тағы бір растады. Қазақстандық дипломат ел басшылығының президент сайлауын халықаралық стандарттарға сәйкес әділетті әрі ашық өткізуге бекем бел буғанын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық сахнадағы ықпалдастықтың жекелеген көріністеріне тоқталып өтті. Э.Абрамс АҚШ басшылығының Қазақстанға Ауғанстан мен Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған АҚШ-тың талпыныстарына нақты қолдау көрсеткені үшін білдірген ризашылығын жеткізді.

Перейти к новостям спорта