Самақова табиғат қорғау жөніндегі бейресми ұйымдарды партияға бірігуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самақова табиғат қорғау жөніндегі бейресми ұйымдарды партияға бірігуге шақырады

Самақова табиғат қорғау жөніндегі бейресми ұйымдарды партияға бірігуге шақырады

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова табиғат қорғау жөніндегі бейресми ұйымдарды партияға бірігуге шақырады. Мұндай пікірді министр бүгін, 25-тамызда қоғамдық экологиялық кеңестің Алматыдағы кеңейтілген отырысында ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 414
Фото - Caravan.kz

А.Самақованың айтуынша, «қазіргі жағдаймен бұл саладағы бейресми ұйымдар бір-бірінен мейлінше алшақтап, бытырау-тарау күйде ұсақ күйбеңге кірісті. «Одан да өзара бірігіп, «жасылдар» партиясын құрып, күрделі ғаламдық проблемаларды шешкен жөн. Экологиялық мәселелердің түйінін тарқатуда үкімет пен мемлекетке көмекші болсаңыздар»,- деген ұсыныс жасады А.Самақова.

Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрдің ұсынысын қолдады. «Қазір біз партия құру бағытындағы жұмыстарды пәрмендендіре бастадық»,- деді Қазақстанның «Табиғат» экологиялық кәсіпорындары мен қауымдастықтары одағының төрағасы Мэлс Елеусізов. Оның айтуынша, «бұл партия көп адамның басын біріктіре алады. Олардың арасында 14 жастағы балалар мен жастар да бар»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта