Алматыда Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум өтеді

Алматыда Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум өтеді

Қыркүйек айының аяғында Алматыда Балхаш өңірінің экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум өтеді. Бұл туралы бүгін, 25-тамызда Қазақстанның "Табиғат" экологиялық кәсіпорындары мен қауымдастықтары одағының төрағасы Мэлс Елеусізов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 25 Тамыз 2005
  • 1285
Фото - Caravan.kz

«Бірінші форумда Балхаш өңірінің экологиялық проблемалары жинақталды»,- деді М.Елеусізов. «Ал екінші форумды осы аймақта тұрақты дамуды сақтап қалуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауға арнамақпыз»,- деді ол.

Сарапшының айтуынша, Балхаш суының 80 процентін Іле өзенінен алады. Өзен суының 70 проценті Қытайда құралады. «Егер Қытай судың небәрі 15 процентін өзіне бұрып алған жағдайда Балхашта екінші «Арал» пайда болады»,- деген алаңдаушылығын білдірді маман.
Балхаштың экологиялық проблемаларына арналған ІІ форум аясында Іле өзенінің жағасын қоқыстан тазарту көзделіп отыр. Сонымен бірге Балхаш пен Приозерск аралығында регата ұйымдастырылады.
Форумға республика үкімет басшысы Даниал Ахметов қатысады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта