ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Сингапурдың бизнес федерациясы ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Сингапурдың бизнес федерациясы ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойды

ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Сингапурдың бизнес федерациясы ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойды

Бүгін, 25-тамызда ҚР Ұлттық инновациялық қоры төрағасының орынбасары Тайыр Сейсенбаев пен ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Хамит Рақышев басқарған Қазақстандық өкілдердің Сингапур еліне сапары барысында ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Сингапурдың бизнес федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылды.Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Тамыз 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға күш салмақ. Атап айтсақ, инвестициялық бас қосулар мен форумдар өткізіп, екі елдің кәсіпкерлерін қызықтырған коммерциялық ақпараттармен алмасады.

Сонымен бірге сапар барысында Қазақстан өкілдері Азия даму банкі мен Әлемдік банктің мұрындық болуымен Сингапурдың сауда және индустрия министрлігі ұйымдастырған «Қазақстан мен Өзбекстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты конференцияға қатысты.
Форум аясында қазақстандық өкілдер Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін жасап, Сингапурлық кәсіпкерлерге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басты даму бағыттарымен таныстырды.
Сингапурдың түрлі бизнес салаларындағы даму тәжірибесімен танысу үшін қазақстандық өкілдер осы елдің бірқатар кәсіпорындарын аралап шықты.

Перейти к новостям спорта