Атап айтсақ, ауылшаруашылығы министрі болып бұған дейін осы мекеме басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Асқар Мырзахметов тағайындалды. Ол жуырда Алматы облысының әкіміне бекітілген Серік Үмбетовты алмастырды.
ҚР көлік және коммуникация министрі болып Асқар Мамин тағайындалды.
А.Мамин 1965-жылы Целиноградта туған. Ол Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен РФ үкіметінің жанындағы халықшаруашылығы академиясын бітірген. Түрлі жылдары көлік және коммуникация министрінің орынбасары, осы министрліктің автожолдар комитетінің төрағасы, ҚР индустрия және сауда министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Бұған дейін ҚР көлік және коммуникация министрі болған Қажымұрат Нағманов президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.