ҚР әділет министрлігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комитет құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комитет құрылады

ҚР әділет министрлігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комитет құрылады

2006-жылдың 1-қаңтарында ҚР әділет министрлігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комитет құрылады. Бұл туралы бүгін, 26-тамызда ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов журналистермен кездесуде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер» туралы заңда қарастырылғанымен , бұған дейін дәл осындай уәкілетті мекеме болған жоқ»,- деді С.Бекбосынов.

Вице-министрдің түсініктемесіне сәйкес, әділет министрлігінің жанынан құрылатын комитет діни бірлестіктерді тіркеуден басқа дін және діни сенім-нанымға қатысты барлық мәселелермен айналысатын болады. Комиссия құрамына конфессиялар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері енеді.
«Бұған дейін үкімет басшысының кеңсесінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бөлім ғана болды. Алайда бұл бар болғаны консультативтік-кеңес органы. Ал аталмыш комитет жергілікті жерлерде бөлімшелері бар нағыз уәкілетті орган болады»,- деді С.Бекбосынов.

Перейти к новостям спорта