Тоқаев Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді 2006-жылдың соңына дейін аяқтауға бел буғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді 2006-жылдың соңына  дейін аяқтауға бел буғанын  растады

Тоқаев Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді 2006-жылдың соңына дейін аяқтауға бел буғанын растады

ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді 2006-жылдың соңына дейін аяқтауға бекем бел буғанын растады. Бұл туралы еліміздің бас дипломаты АҚШ президентінің арнайы көмекшісі Фарьяр Ширзадпен 25-тамызда Вашингтон қаласында кездесуінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 26 Тамыз 2005
  • 508
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жайын, сондай-ақ, екі жақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және оны диверсификациялаудың болашақ жолдарын, АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық және инвестициялар жөніндегі келісімді жүзеге асыру жайын талқылады.

Ф.Ширзад Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту барысын жеделдету қажеттігін атай отырып, ол екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстаннның әлемдік экономикаға тереңірек интеграциялануына түрткі болатынына тоқталды.
Қ.Тоқаев Қазақстан үкіметінің республикада демократиялық қоғам мен жоғары технологиялы және бәсекелестік қабілеті бар дамыған экономика құруға бағытталған терең құрылымдық реформалар бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.
Сол күні АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі орынбасары Дэниел Фрид Қазақстан сыртқы істер министрінің құрметіне қонақасы берді.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «Қ.Тоқаевтың бұл жолғы сапары екі жақты қарым-қатынаста айрықша маңызды оқиғаға айналып, АҚШ-тың Орталық Азия аймағындағы дау тудырмайтын көшбасшы ел ретінде Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыта тереңдетуге деген қызығушылығының арта түскенін паш етті».
«Жорж Буш әкімшілігінің жетекші өкілдерімен және Вашингтонның саяси бетке ұстар тұлғаларымен өткен кездесулер Қазақстанның тек аймақта ғана емес, сонымен бірге халықаралық лаңкестікпен ғаламдық күресте стратегиялық әріптес ретінде қабылданатын айғақтап берді»,- делінген хабарламада.
«АҚШ ресми тұлғаларының пікірінше, елімізде іргесі қаланған экономикалық және саяси дамудың тиімді моделі басқа да транзитті мемлекеттер үшін үлгі бола алады»,- делінген СІМ-нің құжатында.

Перейти к новостям спорта