Республика үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар газды пайдалы жарату жөніндегі бұйрықты жүзеге асыруды кейінге шегере тұру жөнінде келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар газды пайдалы жарату жөніндегі бұйрықты жүзеге асыруды кейінге шегере тұру жөнінде келіссөздер жүргізуде

Республика үкіметі мен мұнай өндіруші компаниялар газды пайдалы жарату жөніндегі бұйрықты жүзеге асыруды кейінге шегере тұру жөнінде келіссөздер жүргізуде

Республика үкіметі мен Қазақстан аумағында мұнай өндіруші компаниялар газды пайдалы жарату жөніндегі үкіметтің бұйрығын жүзеге асыруды 3 жылға кейінге шегере тұру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 26-тамызда "Мұнай өнеркәсібіне шолу" тақырыбы бойынша журналистер үшін өткізілген брифинг-семинар барысында "Denton Wilde Sapte" заңгерлік фирмасының өкілі Джоэль Бенджамин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2005
  • 663
Фото - Caravan.kz

Д. Бенджаминнің айтуынша, мұнай компаниялары 2005-жылдың маусым айында республика үкіметіне бұйрықты жүзеге асыруды кейінге шегере тұру және «мердігерлерге заңға бағынуға шамалы уақыт беру» үшін «Мұнай туралы» және «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысы бар хат жолдаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың желтоқсан айында «Мұнай туралы» және «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соған сәйкес, төтенше жағдайлардан басқа кезде табиғи және ілеспе газды пайдалы жаратпайынша мұнай және газ кеніштерін коммерциялық мақсатта игеруге тыйым салу және жалпы газды отқа босқа жағып жіберуге тыйым салу үшін «Мұнай туралы» заңның 30-5 -бабы қайтадан қаралған. Ал төтенше жағдайларда газды факелде жағып жіберуге ұңғыны сынақтан өткізген және 3 жыл мерзімге дейін сынақ жүзінде пайдаланған кезде мемлекеттік мекеменің келісімімен ғана рұқсат беріледі.
Бұған дейін «Мұнай туралы» заңның 30-5 -бабында мемлекеттік мекеменің рұқсатымен газды босқа жағып жіберуге мүмкіндік берілетін. Онда да газдың белгілі бір көлемін жағуға рұқсат болды. Ал рұқсат берілген көлемнен артық газ жағылған жағдайда айыппұл салынатын.
«Демек, таяу перспективада компаниялар газды жақпау үшін өнім өндіру мөлшерін кемітуге немесе өндірісті біржола тоқтатуға мәжбүр болады деген сөз. Ал егер компания газды жағуды одан әрі жалғастыра берсе, онда оған айыппұл салынады немесе заңмен қудаланады»,- деді ол.
Д.Бенджаминнің айтуынша, газды толық көлемде кәдеге жарату үшін компаниялар газды энергия шығару мақсатында өңдеуге, немесе газды тасымалдап сатуға, яки оны қайтадан кері айдауға тиіс. «Алайда бұл шешімдердің әрқайсысы да уақыт пен ақша талап етеді. Атап айтсақ, электр станциясын салуға немесе газды айдау үшін құбыр тартуға қаржы қажет». Д.Бенджаминнің пікірінше, «бұл — экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып шығуы мүмкін».
Соның салдарынан мұнай компаниялары бюджетке аударатын салық түсімдерін азайтып, қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр болмақ. Ал бұл жұмыссыздық деңгейінің артуына алып келеді. Сонымен бірге Д.Бенджаминнің айтуынша, «бірден тыйым шарасына жүгіну мұнай өнеркәсібі саласындағы инвесторға кері әсер етпек».

Перейти к новостям спорта