Тараздың орталық базарында жарылғыш заттарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздың орталық базарында жарылғыш заттарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Тараздың орталық базарында жарылғыш заттарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Шұғыл әрекет ету бөлімшесінің сарбаздары Тараздың орталық базарында жарылғыш заттарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде,- деп хабарлайды KZ-today тілішісі.

  • 26 Тамыз 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бүгін 14 сағат 38 минутта Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне қаланың орталық базарында жарылғыш заттар орнатылғаны және 7 жарылыс болатыны туралы белгісіз біреуден ақпарат келіп түскен. Оқиға болады деген жерге Трааз қалалық ішкі істер департаменті, облыстық ҰҚКД мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп жетті.

Қазіргі жағдаймен базар қоршауға алынып, адамдар шығарылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Таразда шұғыл штабтың жиналысы өтуде.

Перейти к новостям спорта