Қазақстан мен Латвия Вентспилс айлағында астық терминалын салып бітірді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Латвия Вентспилс айлағында астық терминалын салып бітірді

Қазақстан мен Латвия Вентспилс айлағында астық терминалын салып бітірді

Бүгін, 26-тамызда Латвияның Вентспилс айлағында Қазақстан мен Латвияның бірлескен жобасы - астық терминалының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі елшілігінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ аумағындағы ең ірі терминалы болумен бірге еліміздің Балтық жағалауы республикаларындағы тұңғыш инвестициялық жобасы болып табылады. Қазақстан астығы Латвияға темір жолмен тасымалданады. Жылына 2,5 млн. тонна астық өткізе алатын астық терминалының құрылысын Қазақстан мен Латвия бірлескен «Ventspils Grain Terminal» АҚ кәсіпорны 2004-жылы бастаған. Екі ел бірлесіп жобаға 25 млн. евро көлемінде инвестиция жұмсады.

Қазақстан жағынан терминалдық салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Рашид Ыбыраев, астық индустриясы мен бизнесінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта