Байқоңырда қыркүйек айына межеленген екі ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда қыркүйек айына межеленген екі ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда қыркүйек айына межеленген екі ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр ғарыш айлағында қыркүйек айына межеленген екі ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 26 Тамыз 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Роскосмос кәсіпорны мен ғарыш айлағының мамандары «Прогресс М-54» жүк кемесі мен Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

№ 254 алаңның монтаж-сынақ корпусындағы «Прогресс» кораблін жанармай құятын бекетке жіберуге дайындауда. 31-тамызда ғарыш кемесіне зымыран отыны мен сұйытылған газ құйылады.
«Прогресс М-54» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы 8-қыркүйекте Астана уақытымен 19 сағат 7 минутта ұшырылады. Жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, су, отын және ғылыми жабдықтар жеткізеді.
Байқоңыр ғарыш айлағының №95 монтаж-сынақ корпусында «Протон -М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол Солтүстік Америка аумағында тікелей телехабарларын таратуға арналған Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшады.
Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін жер орбитасына шығаратын «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Протон-М» зымыран тасығышы 9-қыркүйекте ұшырылады.

Перейти к новостям спорта