Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысындағы тауларда ресейлік туристер тобын іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысындағы тауларда ресейлік туристер тобын іздестіруде

Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысындағы тауларда ресейлік туристер тобын іздестіруде

Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы Қотан-Қарағай ауданындағы Белуха тауының маңында ресейлік туристер тобын іздестіруде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, 25-тамызда 20 сағат 10 минута РФ төтенше жағдайлар министрлігінен Белуха тауы жақ бетте Ақ Берел шатқалының маңындағы Кур-Кура асуынан өтіп бара жатқан 9 адамнан құралған туристер тобының үстінен тастар құлағанын хабарлаған. Соның салдарынан 47 жастағы еркек пен 41 жастағы әйел үйінді астында қалған. Дәлелденбеген деректерге сәйкес, қалған 7 адам өз беттерімен Ресей аумағына оралған.

26-тамыз күнгі 12 сағат 25 минуттағы жағдаймен оқиға орнында іздестіру-құтқару шараларын жүзеге асыру үшін ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс аэромобильді отрядының 6, ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрттен құтқару қызметінің 5 адамынан құралған құтқарушылар тобы «Ми-8» тікұшағымен жіберілді.
Туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта