Апат Сырдария ауданында Шымкент-Самара тас жолының 1776-шақырымында болған. «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі «Ниссан» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Жигулидің» жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында опат болды. «Нисанның» жүргізушісі мен бес жолаушы, соның ішінде 4 — 13 жас аралығындағы 4 бала ауруханаға жатқызылды.