Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас Экономикалық кеңістік құрудың өзекті мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері   Біртұтас Экономикалық кеңістік құрудың өзекті мәселелерін талқылайды

Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас Экономикалық кеңістік құрудың өзекті мәселелерін талқылайды

Бүгін, 27-тамызда Қазанда өтетін кездесуде Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас Экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық құбылыстарды тереңдетуге бағытталып, жоғары дәрежелі топ дайындаған құжаттар топтамасын қарайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің Кремльдегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 27 Тамыз 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің айтуынша, бұл құжаттарды нақты іске асыру нәтижесінде экономикалық интеграцияны тереңдетуге, «төрттік» аясында тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысына біртіндеп көшуге қажетті жағдайлар жасалады.

Өздеріңізге мәлім, 2004-жылдың 15-қыркүйегінде Астанада өткен саммитте Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің президенттері кезек күттірмей келісіліп, қол қойылуға тиіс 29 келісімнен құралған құжаттар топтамасын бекіткен. Кезек күттірмейді делінген бұл 29 келісімге бір уақытта қол қойылып, күшіне енуі тиіс.
Қазіргі жағдаймен кезек күттірмейтін 29 құжат Ресей, Беларусь және Қазақстан республикаларында үш жақты форматта келісілді. Украина 15 келісім-шартын келісуге ғана атсалысып, соның ішінен 8 келісімді ғана құптап отыр. «Бұл мәселе осы жолғы саммитте түбегейлі талқыланады»,- деді ақпарат көзі.
Оның айтуынша, кездесуде «төрттік» елдерінің Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялтада қол қойылған келісімнің басты ережелерін жүзеге асыруға одан әрі атсалысу перспективалары талқыланады деп күтілуде. Президенттердің қарауына жеке тұлғалардың төрт мемлекеттің шекаралары арқылы жеңілдетілген тәртіппен қатынауы туралы құжаттар топтамасы ұсынылады деп межеленген.
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 23-ақпанында Біртұтас Экономикалық кеңістік құруға ниет білдірді. Ал оны құру туралы келісімге 2003-жылдың 19-қыркүйегінде қол қойылды.

Перейти к новостям спорта