Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 5 адамның үшеуінің диагнозы расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген күдікпен  ауруханаға жатқызылған 5 адамның үшеуінің диагнозы расталды

Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 5 адамның үшеуінің диагнозы расталды

27-тамыздағы жағдаймен Батыс Қазақстан облысы Таловка ауылында "күйдіргі" деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 5 адамның үшеуінің диагнозы расталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2005
  • 330
Фото - Caravan.kz

«Бактериологиялық зерттеу нәтижесінде үш науқастың диагнозы дәлелденді»,- делінген ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Таловка ауылының 5 тұрғыны «күйдіргі» деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Ауылда сондай-ақ бес ірі қара малдың өлу оқиғасы тіркелді.
Төтенше оқиға орнына обаға қарсы күрес станциясы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының өкілдері жіберілді. Қазіргі жағдаймен өлген малдар өртеліп, Таловка, Аққашар және Комсомольское елді мекенінде дезинфекциялық тосқауылдар қойылды. Мал дәрігерлік қызмет мал жайылымдарына дезинфекциялық өңдеу жасап, ауру ошағының айналасына белгілер қойылды.

Перейти к новостям спорта