Үкімет басшысы Семейлік кәсіпкерлерді батыспен бәсекеге талпынуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Семейлік кәсіпкерлерді батыспен бәсекеге талпынуға шақырды

Үкімет басшысы Семейлік кәсіпкерлерді батыспен бәсекеге талпынуға шақырды

"Қазақстандағы құс фабрикаларында өндірілген құрама жемдер мен бройлерлік өнімдер батыспен бәсекелесуге талпынуы қажет". Бұл туралы бүгін, 27-тамызда Семейде агроөнеркәсіптік "Ардагер" қаржы корпорациясының құрамына енетін "Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты" Акционерлік қоғамында болған кезде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2005
  • 946
Фото - Caravan.kz

Агроөнеркәсіптік «Ардагер» қаржы корпорациясының құрамына Ертіс бройлерлік құс фабрикасы, «Семей құс» фабрикасы мен «Племптица»АҚ енеді.

Үкімет басшысымен кездесуде агроөнеркәсіптік «Ардагер» қаржы корпорациясының Семейлік филиалының бас директоры Юрий Шейко тауқыметтерімен бөлісті. Оның айтуынша, «батыс елдерінен республикаға әкелінетін құс еті өнімдері жергілікті нарыққа өзіндік әсерін тигізуде». Ю.Шейконың айтуынша, «халықтың төмен жалақы алатын бөлігі халық арасында «Буштың бұттары» аталатын өнімді сатып алуға тырысады». Ю.Шейконың хабарлауынша, Батыста құстың салмағын қосу үшін 200-300 грамм тұзды су қосады. «Ал еліміздің құс фабрикаларында мұндайға жол берілмейді»,- деп сендірді ол.
«Семейдегі құс фабрикалары экологиялық таза өнім өндіретіндіктен, сатып алушылардың өз өнімімізді таңдауы үшін барынша талпыну қажет»,- деді Д.Ахметов. «Жұмыс тиімді болса, нарықта қалыпты жағдай қалыптасады»,- деді ол.
Кездесуде сонымен қатар бидай бағасының қалыптасу мәселесі де сарапқа салынды. Ю.Шейконың айтуынша, «қазіргі таңда Қазақстанда жасанды баға қалыптасқан». «Әлемдік нарықта үшінші сортты бидайға 90 доллар көлемінде баға қалыптасып отырса, елімізде ол 150 долларға жетеді»,- деді Ю.Шейко. Оның пікірінше, «бұл проблеманы мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы шешуге тиіс».
Үкімет басшысы компания басшысынан өз талаптарын жазбаша түрде беруді сұрап, өз тарапынан үкіметтің отырысында бұл мәселені тәптіштейтінін жеткізді.

Перейти к новостям спорта