Семейді дамытуға мемлекет 26 млрд. теңге бөледі - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейді дамытуға мемлекет 26 млрд. теңге бөледі - үкімет басшысы

Семейді дамытуға мемлекет 26 млрд. теңге бөледі - үкімет басшысы

Алдағы екі жылда республикалық бюджеттен Семейге 26 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін, 27-тамызда республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Семей қаласы атқамінерлерімен өткен кеңесте қаланы 2006-2008-жылдары дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны таныстыру барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2005
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаны жүзеге асыру қала экономикасы мен өнеркәсіп салаларының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге және бәсекелестік қабілеті бар өнім түрлерін өндіруге жағдай жасауға септігін тигізеді»,- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, бағдарлама әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарын қамтиды және бөлінетін қаржы мен шешілуге тиіс тауқыметтердің ауқымына қарай теңдесі жоқ бағдарлама болып табылады.

Бағдарламаға қамтылған басты мақсаттардың бірі — қаланы жылумен қамтамасыз ету проблемасын шешу болмақ. Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған жалпы қаржының 14,5 млрд. теңгесі қазіргі бар жылу энергетикасы жүйесін жаңалауға және жаңа қуат көздерін салуға арналады. «Біз 50 жылда шешімін таппай келген тауқыметті қысқа мерзімде жолға қоймақпыз»,- деді қаланың жылу энергетикасы жүйесінің проблемаларына тоқталған Д.Ахметов.
Сонымен бірге бағдарламада Семейдегі өнеркәсіп саласын негізінен құрылыс материалдарын шығаруға бағыттай дамыту қарастырылған. «Озық технологияларды қолданысқа енгізу арқылы республиканың ішкі рыногын құрылыс матеиалдарымен қамтамасыз ету жайы жақсарып, құрылыс саласы өнімдерінің өзіндік құны азаю арқылы тұрғын үй құнын жұртшылықтың қалтасы көтеретіндей жағдай жасалады»,- деді үкімет басшысы.
«Бұл бағдарлама үкіметтің айрықша бақылауында болады»,- деді Д.Ахметов.
Семейді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, көлік кешені және жол шаруашылығы, су қамтамасыздығы және канализация, энергиямен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, мәдениет және спорт салаларын қаржыландыру межеленген.

Перейти к новостям спорта