Кеменің техникалық жобасын «Вымпел» конструкторлық бюросы жасаған. Кеме шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған. Дедвейті 12 мың тонналық кеме Каспий теңізінде пайдаланылмақ.
Кемені табыс ету рәсіміне Қазақстанның ресми өкілдері қатысты.
Выборг кеме жасау зауыты Каспий теңізін қоршай орналасқан елдер үшін мұнай өндіру және мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға бағышталған бағдарламалар аясында жұмыс істеуді одан әрі жағастыруда. Бағдарлама шеңберінде танкерлік флот құру, шельфте мұнай өндіретін жабдықтар шығару, мұнай құятын терминалдар мен кеме жөндеу базасын құру көзделген. Биыл «Абай» атты тағы бір танкер пайдалануға беріледі.